$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Сабағын қадағаламаған, дәрігерге қаратпаған: Көкшетауда қамқорлығына алған балаға дұрыс қарамағандар анықталды

Редакция
21 мамыр 2024 05:51 2504
Сабағын қадағаламаған, дәрігерге қаратпаған: Көкшетауда қамқорлығына алған балаға дұрыс қарамағандар анықталды Сурет авторы: istockphoto.com

Бұл факт Көкшетау қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығының сақталуын тексеру барысында анықталды. 

Қамқоршы (опекун) қамқорлыққа алған 9 жасар қыз ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспаған және қажетті медициналық көмек алмаған.

Көптеген ауруға шалдыққан қыз «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға жатқызылды. Қамқоршы өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.

Прокуратура органдары Білім бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаға психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар