$ 486.2 € 557.82 ₽ 6

Рыбакина Соболенкомен болған үш сағаттық тартысты шайқаста ұтылып қалды

Редакция
16 наурыз 2026, 09:46
Рыбакина Соболенкомен болған үш сағаттық тартысты шайқаста ұтылып қалды Сурет авторы: KTF

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен маусымның ең ірі турнирлерінің бірі мәресіне жетті. Әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина мен рейтинг көшбасшысы Арина Соболенко арасындағы кездесу нағыз спорттық драмаға айналды.

Матч алғашқы минуттардан-ақ шиеленісті басталды. Рыбакина бірінші сетте басымдық танытып, 6:3 есебімен алға шықты. Алайда, екінші партияда Соболенко таразы басын теңестіріп үлгерді. Үшінші, шешуші сетте қос спортшы да жоғары деңгейдегі теннис үлгісін көрсетті. Турнир тағдыры тай-брейкте шешіліп, Соболенконың жүйкесі мықтырақ болып шықты. Қорытынды есеп — 6:3, 3:6, 6:7.

Сондай-ақ, жұптық сында бақ сынаған тағы бір отандасымыз Анна Данилина да финалға дейін жетті. Сербиялық Александра Круничпен жұп құраған ол шешуші кезеңде америкалық-чехиялық дуэттен қалыс қалды (6:7, 4:6).

Жеңіліске қарамастан, Қазақстан теннис федерациясы бұл нәтижелерді жоғары бағалап, спортшыларымыздың әлемдік деңгейдегі кез келген қарсыласпен терезесі тең екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар