$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуыл: күдіктіге қатысты екі бап бойынша іс қозғалды

Редакция
02 мамыр 2025 08:54 2093
Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуыл: күдіктіге қатысты екі бап бойынша іс қозғалды Сурет авторы: Telegram/ mazhilis_kz

Шымкент қалалық полиция департаменті Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуыл бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

– ҚК 24-бабының 3-бөлігі – қылмысқа (әрекет не әрекетсіздік) оқталу. Яғни, адам белгілі бір себептермен соңына дейін жеткізбегенімен, нақты қылмыс жасауға бағытталған іс-әрекет жасаса, осы бап бойынша жауапқа тартылады.

– ҚК 99-бабының 2-бөлігі, 6-тармағы – басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін тәсілмен кісі өлтіруге оқталу.

Полиция мәліметінше, қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, оған 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Еске салайық, 21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған еді. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Оның жағдайы тұрақты ауыр.

Соңғы жаңалықтар