$ 536.58 € 622.75 ₽ 6.71

"Қызғаныштан аттым": Руслан Берденовке оқ атқан жігіт сотта сөйледі

Редакция
06 тамыз 2025 11:50 829
"Қызғаныштан аттым": Руслан Берденовке оқ атқан жігіт сотта сөйледі Сурет авторы: Ertenmedia.kz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайдың соты басталды. Ол бұрын «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры болған, деп хабарлайды kz.kursiv.media

Айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») және 24-бабы («Қылмысқа дайындалу және оқталу») бойынша айып тағылған. Сотта Жиембай кінәсін ішінара мойындап, әрекетін қызғанышпен және жеке намысқа байланысты жасағанын мәлімдеді.

«Өкінемін. Мұның бәріне қызғаныш себеп болды. Бұл жеке мәселе, жұмысқа қатысы жоқ», - деді ол сотта.

Сот отырыстары жалғасуда. Іс қоғам тарапынан ерекше назарға ілініп отыр.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар