$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Росавиация Ақтау маңындағы ұшақ апаты туралы: Грозныйдағы әуе кеңістігі дрондардың шабуылы себебінен жабылған

Редакция
27 желтоқсан 2024 09:39 1989
Росавиация Ақтау маңындағы ұшақ апаты туралы: Грозныйдағы әуе кеңістігі дрондардың шабуылы себебінен жабылған Сурет авторы: Азамат Сәрсенбаев

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Грозныйға қонар кезде қалаға дрондар шабуыл жасағанын Ресейдің Росавиация басшысы Дмитрий Ядров растады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Ядровтың айтуынша, ұшақ қонар сәтте Грозный әуежайы аймағындағы жағдай өте күрделі болған. Украина дрондары азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасағандықтан, әуе кеңістігінде "Ковер" жоспары енгізілген. Сонымен қатар әуежайда қалың тұман болып, айналаны көру нашарлаған.

Екі рет қонуға тырысқан ұшақ экипажы Грозныйда қону мүмкін болмағандықтан, басқа әуежайларға қонуды ұсынған. Алайда командир Ақтау әуежайына ұшуды шешкен.

"Ресей тарабы Қазақстан мен Әзербайжан әріптестеріне бұл қайғылы оқиғаны тергеуге бірлесіп қатысуға дайын", – деді Ядров.

Айта кетейік, бастапқыда Росавиация "ұшаққа құстар соғылып, апат соның салдарынан болуы мүмкін" деп мәлімдеген еді. Алайда авиация сарапшылары бұл болжамға күмән келтірген.

Соңғы жаңалықтар