$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Ризабек Айтмұқан еркін күрестен үш дүркін әлем чемпионы атанды

Редакция
28 қазан 2024 02:12 3811
Ризабек Айтмұқан еркін күрестен үш дүркін әлем чемпионы атанды Сурет авторы: olympic.kz

Албанияның Тирана қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атанды.

Ол 97 келіге дейінгі салмақтағы ақтық сында ирандық Махди Морафамен белдесіп, 11: 6 есебімен жеңді.

Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуаны атанып отыр. Ризабек Айтмұқан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанса, биыл 20 жасқа дейінгілер арасында дүниежүзілік додада топ жарған болатын.

Соңғы жаңалықтар