Риелторларға шағым көбейді: Үкімет жаңа реттеу жүйесін енгізбек
Сурет авторы: shutterstock
Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығында риелторлардың қызметіне шағым көбейген соң салаға жаңа талаптар енгізілмек. Тұрғындар жиі көтеретін мәселе – жоғары комиссия, біржақты келісімшарттар және қызмет сапасының төмендігі. Сарапшылар бұл өзгерістердің нарыққа қалай әсер ететінін бағалады, деп хабарлады Kazinform.
Бейресми риелторлар – 30 мыңға жуық
Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне қарағанда, ресми түрде тіркелген делдалдар саны 4,8 мыңға жуық. Алайда сарапшылар нақты жұмыс істейтін риелторлардың басым бөлігі көлеңкеде екенін айтады.
PANA ұлттық риелторлар палатасының вице-президенті Әсет Айтпаевтың мәліметінше, елде тек 2 мыңға жуық агент пен агенттік ресми түрде жұмыс істейді. Ал бейресми қызмет көрсететіндердің саны 25–30 мыңға жетуі мүмкін.
«Көпшілігі келісімшартсыз немесе ауызша уәдемен жұмыс істейді. Тұрғын үйді жалға беру мәмілелерінің 67 пайызы ресми құжатсыз жасалады», – деді Айтпаев.
Сарапшы соңғы үш жылда 1,5 миллион мәміле жасалғанын, ал шағымдар саны мыңға жуықтағанын айтты. Көбіне риелтордың қызмет көрсетпеуі, жасырын комиссия, құжат жоғалту және мәмілені бұзу бойынша түседі.
Эксклюзивті келісімшарттар наразылық тудырып отыр
Заңгерлердің айтуынша, риелторлардың клиенттерді эксклюзивті келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеуі жиілеген. Мұндай жағдайда сатушы басқа маманға жүгіне алмайды, тіпті үйді өзі сатса да айыппұл төлейді.
Заңгер Нұрлан Жаңабаев мұндай даулардың арбитраж сотына жиі жіберілетінін, риелтор қызметі орындалмаса да азаматтардан ақша өндірілетін жағдайлар барын атап өтті.
Елорда тұрғыны Салтанат Нияздың тәжірибесі де осы мәселелерді айғақтайды: ол өзі сатқан үйіне байланысты агенттікпен бір жыл соттасып, ақыры айыппұл төлеуге мәжбүр болған.
Саланы реттеу жүйесі өзгереді
Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков риелторлық қызмет міндетті өздігінен реттеу ұйымдары (ӨРҰ) жүйесіне көшетінін хабарлады.
Оның айтуынша, реформаның негізгі мақсаты – саладағы бейберекетті азайтып, кәсіби стандарттар енгізу.
«ӨРҰ құрамына енген риелторлар ғана нарыққа шыға алады. Уәкілетті орган ретінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекітілді. Барлық стандарт сол ведомствода қалыптасады», – деді депутат.
Жаңа жүйеде:
– риелторлардың бірыңғай тізілімі құрылады,
– типтік келісімшарт енгізіледі,
– этикалық кодекс пен жауапкершілік жүйесі бекітіледі,
– барлық мәміле онлайн форматта бақыланады,
– қаржылық есеп-қисап банктік арналар арқылы жүргізіледі,
– азаматтар шағымды аноним түрде жібере алады.
Сонымен қатар риелторлар кәсіби оқудан өтіп, біліктілігін растауы тиіс болады.
Нарықта өзгеріс болуы мүмкін
Сарапшылардың пікірінше, жаңа заң қабылданса:
– мәмілелердің ашықтығы артады,
– алаяқтық азаяды,
– тұрғындардың шағымдары қысқарады,
– көлеңкелі нарық көлемі азайып, бюджетке түсетін салық өседі.
Жылжымайтын мүлік саласы соңғы жылдары тұрақсыздыққа жиі тап болып жүргендіктен, риелторлық қызметті реттеу қадамы тұрғындар үшін де, адал жұмыс істейтін агенттер үшін де маңызды реформалардың бірі болмақ.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын