$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Риддер қаласының тұрғындары алау жағып, поэзия кешіне жиналды

Редакция
07 тамыз 2026, 15:05
Риддер қаласының тұрғындары алау жағып, поэзия кешіне жиналды Сурет авторы: ШҚО әкімдігі

ШҚО-ның Риддер қаласында өлеңдер оқылған ерекше кеш өтті. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне сілтеме жасап, QRNews агенттігі хабарлайды.

Қала тұрғындары өздерінің сүйікті және авторлық өлеңдерін оқып, гитарамен ән шырқап, танысып, әңгіме құрды. Алау мен жағылған шамдар кездесуге ерекше атмосфера сыйлады.

Кешке кітапханашылар, Достық орталығы мен Тілдерді оқыту орталығының өкілдері, «Риддердің орыс жазушылары мен ақындары» шығармашылық бірлестігінің ақындары, қазақ авторлары және қаланың басқа да шығармашылық қауымдастық өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өз шығармаларымен қатар классик ақындардың таңдаулы өлеңдерін де оқыды. Кейбір қонақтар алғаш рет өз өлеңдерін көпшілік алдында оқығанын жеткізіп, мұндай жылы, ашық ортаның шабыт беретінін атап өтті. 

Ұйымдастырушылар бұл кештің басты мақсаты — жасы мен тілінен тәуелсіз, творчестволық адамдарды біріктіру екенін айтты.

Риддерде мұндай форматтағы кездесу алғаш рет ұйымдастырылды. Көпшілік поэзия кештерін қаланың игі дәстүріне айналдыруды ұсынды. Ал ұйымдастырушылар жаңа өлеңдер, музыка және айтары бар адамдардың басын қосатын осындай кездесулерді жалғастыруға уәде берді. Келесі кездесу күні мен уақыты жақын арада әлеуметтік желілерде жарияланбақ.

Соңғы жаңалықтар