$ 473.59 € 544.68 ₽ 5.94

Reuters: Қазақстан Ресей мұнайын өз зауыттарында өңдеуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
31 шілде 2026, 09:37
Reuters: Қазақстан Ресей мұнайын өз зауыттарында өңдеуі мүмкін Сурет авторы: Forbes.kz/ Арайлым Аульбекова

Қазақстан Ресейде өндірілген мұнайды елдегі мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу мәселесін Мәскеумен талқылап жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, тараптар Ресей мұнайын Қазақстанда өңдеп, одан алынған мұнай өнімдерінің бір бөлігін ішкі нарықта өткізу және қалғанын Ресейге экспорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Алайда ведомство өңделетін мұнай көлемін, келісімнің шарттарын және келіссөзге қай мұнай өңдеу зауыттарының қатысып жатқанын нақтыламады.

Бұл бастама Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған дрон шабуылдары мен жоспарлы жөндеу жұмыстары аясында көтеріліп отыр. Соңғы айларда Ресейде мұнай өңдеу қуатының бір бөлігі уақытша тоқтап, елдің бірқатар өңірінде жанармай тапшылығы байқалды.

PROtenge жобасының жазуынша, келісім жүзеге асса, Қазақстан мұнай өңдеу қызметінен қосымша табыс табуы мүмкін. Сонымен қатар отандық мұнай өңдеу зауыттарының Ресей нарығындағы жағдайға тәуелділігі артып, ішкі сұраныс жоғары кезеңдерде өндірістік жүктемеге әсер етуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар