$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ресми: Килиан Мбаппе "Реал" сапына ауысты

Редакция
04 маусым 2024 02:36 1376
Ресми: Килиан Мбаппе "Реал" сапына ауысты Сурет авторы: globallookpress.com

Мадридтік «Реал» Килиан Мбаппемен келісімшарт жасалғанын жариялады.

Мбаппе жаңа командасымен бес жылдық келісімшартқа отырды. Оның Мадридке ауысуы футбол тарихындағы ең көп күткен трансферлердің бірі болды. Испандық клуб бұл ойыншыға бірнеше жыл бойы көз тігіп келген еді.

"Арманым орындалды. Армандаған клубым – Реал Мадридке қосылғаныма қуаныштымын және кеудемді мақтаныш сезімі кернеп тұр", – деді Мбаппенің өзі трансфері жайында.

Өткен айда 25 жасар футбол жұлдызы клубтағы 7 жылдан кейін жаңа сынақ керек екенін айтып, келісімшарт бітісімен ПСЖ-дан кететінін растады. Онда ол 256 гол соқты.

Мбаппе Франция астанасында 6 "Лига 1-ді" қоса алғанда, 15 трофей жеңіп алды. Алайда ол ПСЖ сапында Чемпиондар Лигасын ұта алмады.

Ал "Реал" жақында 15-рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. 

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, Мбаппе Реал сапында 9-нөмірмен ойнайды. Клубтың аңыз ойыншысы Лука Модрич келісімшартын бір жылға созғандықтан, Мбаппе 10-нөмірді сұрамаған.

 

Соңғы жаңалықтар