$ 498.65 € 589.06 ₽ 6.49

Ресми: Алматы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізеді

Редакция
05 ақпан 2026, 17:03
Ресми: Алматы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізеді Сурет авторы: ЖИ көмегімен дайындалған сурет

Милан қаласында өткен жиында 2029 жылғы қысқы Азия ойындарының Алматыда өтетіні ресми түрде бекітілді.

Бастапқыда 2029 жылғы Азияданың қожайыны ретінде Сауд Арабиясы таңдалған болатын. Жарыс осы елде 2017 жылы құрылысы басталған жаңа интеллектуалды қала - Неомда өтеді деп жоспарланған еді. Бұл Сауд Арабиясы тарихындағы алғашқы қысқы Азияда болуы тиіс болатын.

Алайда құрылыс жұмыстарының кешігуіне байланысты жоспар қайта қаралды. 2026 жылдың қаңтарында Азия Олимпиадалық кеңесі Ойындар кестесінің өзгеретінін мәлімдеген еді. Ал 2 ақпан күні қытайлық БАҚ-та жарыстың Алматыға ауыстырылатыны туралы ақпарат тарап, бүгін ресми шешім қабылданды.

Осылайша, Алматы қаласы 2011 жылдан кейін араға 18 жыл салып, қысқы спорт түрлері бойынша Азияның басты бәсекесін тағы да қабылдайтын болды.

Соңғы жаңалықтар