$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ресейге қазақстандық астықты әкелуге салынған тыйым бір апта ішінде жойылады деп күтілуде

Редакция
31 қазан 2024 03:22 4344
Ресейге қазақстандық астықты әкелуге салынған тыйым бір апта ішінде жойылады деп күтілуде Сурет авторы: pexel.com/Alejandro Barrón

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ресейге қазақстандық астықты әкелуге салынған тыйым бір апта ішінде алынуы мүмкін екенін айтты.

«Біз кеше ғана Россельхознадзормен келіссөз жүргіздік. Россельхознадзор басшысымен. Ол орынбасарына тапсырма берді және менің орынбасарым бүгін Мәскеуге кетті, кездесу болады, содан кейін кездесу нәтижесін қосымша хабарлаймыз», - деді Сапаров.

Ол бұл мәселе бір апта ішінде шешіледі деп үміттенеді.

Ресей өз аумағына қазақстандық астық пен бірқатар ауыл шаруашылығы өнімін әкелуге біржақты шектеулер енгізген болатын.

Соңғы жаңалықтар