$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға қалай әсер етеді: Жұманғарин айтып берді

Редакция
05 маусым 2024 09:15 4455
Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға қалай әсер етеді: Жұманғарин айтып берді Сурет авторы: REUTERS

Қазақстан АҚШ пен Еуроодақтың Ресей, Қытай және басқа да елдерге салған санкциясын қолдамайды, бірақ еліміз үшін тиімді болғандықтан, оларды сақтауға мәжбүр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Ол көптеген логистика және сауда тізбегі үзілгендіктен, бұл санкциялар Қазақстанға «қатты әсер ететінін» атап өтті.

«Біз коалицияның мүшесі емеспіз, бұл санкциялық саясатты біржақты қолдамаймыз, бірақ экономикалық тұрғыдан бізге тиімді болғандықтан, біз оны ұстанамыз. Біздің экономикамыз үлкен емес, әрине, біз санкциялық қысымға төтеп бере алмаймыз. Сондықтан біз АҚШ және Еуропалық Одақпен үнемі диалогтамыз», – деді Жұманғарин.

Соңғы жаңалықтар