$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Ресейден шыққан 650 мың адам қайтып оралмаған

Редакция
17 шілде 2024, 02:41
Ресейден шыққан 650 мың адам қайтып оралмаған

Ресей Украинаға басып кіргелі көрші елден шығып кеткен шамамен 650 мың адам отанына қайтып оралмаған. Бұл жөнінде The Bell басылымы 70 елдің көші-қон және статистикалық органдарына сүйеніп мәлімдеді.

Статистикаға сәйкес, ресейліктердің көбі виза талап етпейтін елдерге кеткен: 110 мың адам Арменияға, 80 мың адам Қазақстанға және 74 мың адам Грузияға қоныс аударған. Бұдан бөлек Ресей азаматтары жаппай АҚШ-қа қоныс аударып, 48 мың адам босқын мәртебесін сұраған. 80 мың адам тарихи отаны Израильге көшіп кеткен.

Еуропа елдері ішінен 36 мың ресейлік – Германияға, 30 мыңы - Сербияға, 16 мыңы - Латвияға, 12 мыңы - Испанияға және тағы 12 мыңы Нидерландыға барған.

The Bell басылымының мәліметінше, бұл - кейінгі 20 жыл ішіндегі ең ірі эмиграция толқыны. Ресей билігі 2022 жылдың ақпанынан бері елден кеткен ресейліктер жөнінде ақпарат жариялаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар