$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Ресейдегі «Северсталь» комбинатында екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды

Редакция
15 қаңтар 2026, 09:21
Ресейдегі «Северсталь» комбинатында екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды Сурет авторы: КазТАГ

Ресейдегі «Северсталь» компаниясына қарасты Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіп алаңында екі қазақстандықтың мәйіті  табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Кеше, 14 қаңтарда, ЧерМК өнеркәсіп алаңының аумағында мердігер ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергелуде, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», — делінген «Северсталь» компаниясының мәлімдемесінде.

Ресейлік ТАСС агенттігінің мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істелініп жатыр.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Ресей Тергеу комитетінің тергеу басқармасы.

Соңғы жаңалықтар