$ 460.13 € 532.6 ₽ 5.42

Ресейдегі құрылыс алаңында болған өрттен Қазақстан азаматы қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
19 тамыз 2026, 17:48
Ресейдегі құрылыс алаңында болған өрттен Қазақстан азаматы қаза тапты Сурет авторы: Обмы облысы ТЖД

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Омбы қаласындағы құрылыс алаңында болған өрттен Қазақстан азаматы Максим Багинскийдің қаза тапқанын растады.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, өрт 15 тамызда Омбыдағы Кварталы Драверта шағынауданында салынып жатқан ғимаратта шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу жұмыстары кезінде жылу оқшаулағыш материал тұтанған.

Оқиға орнынан 11 құрылысшы ауруханаға жеткізілген. Кейін олардың үшеуі үйіне жіберілген. Екі жұмысшы алған жарақаттарынан көз жұмды. ТАСС мәліметінше, қаза тапқандардың бірі – Қазақстан азаматы. Оның денесінің 70 пайызын күйік шалған.

«Омбыда 18 тамызда болған өрт салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматы Максим Багинскийдің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы құжаттарды рәсімдеуге және азаматтың қаза болу мән-жайына қатысты Ресейдің құзырлы органдарымен байланыс орнатуға көмектесіп жатыр», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Ведомство марқұмның отбасымен байланыста екенін және өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар