$ 519.51 € 611.83 ₽ 6.6

Ресей Талибан билігіндегі Ауғанстанды ресми мойындады

Дулат Абдраманов
04 шілде 2025 09:19 29
Ресей Федерациясы Талибан билігіндегі Ауғанстанның ресми атауы — Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындады. Бұл шешімді Ресей Президенті Владимир Путин Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ұсынысы бойынша қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.
Ресей Талибан билігіндегі Ауғанстанды ресми мойындады Сурет авторы: ТАСС

РФ-ның Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов бұл қадам «Ресейдің Ауғанстанмен толыққанды серіктестік орнатуға деген шынайы ұмтылысын» білдіретінін атап өтті.

1 шілде күні Мәскеуге Талибан билікке келгеннен кейін алғаш рет тағайындалған Ауғанстан елшісі келді.

«Коммерсант» газетінің мәліметінше, биыл сәуір айында «Талибан» Ресейдегі тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылғаннан кейін, көп ұзамай Ауғанстанның дипломатиялық мәртебесі де елшілік деңгейіне көтерілді.

Оған дейін Ауғанстан Ресейде тек уақытша сенімді өкіл арқылы ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар