$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ресей мен Украина делегациялары Стамбұлда келіссөз өткізді

Редакция
16 мамыр 2025 09:59 4121
Ресей мен Украина делегациялары Стамбұлда келіссөз өткізді Сурет авторы: Dmytro Vlasov/BBC

16 мамыр күні Стамбұлда Ресей мен Украина арасында ресми келіссөздер өтті. Бұл — 2022 жылдың көктемінен бері алғашқы тікелей кездесу.

Келіссөз ұйымдастыру Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасы болғанымен, ол өзі қатыспай, көмекшісі Владимир Мединскийді жіберді. Украина делегациясын Қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарды.

Келіссөз екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Украина тарабының басты талабы – атысты толық тоқтату. Рустем Умеров Стамбулға "тұрақты және әділетті бейбіт келісімге" жету үшін келгендерін мәлімдеді.

Ресей делегациясы бұл кездесуді 2022 жылғы келіссөздердің жалғасы ретінде сипаттады және "қақтығыстың түпкі себептерін жою арқылы ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуды" басты мақсат деп атады.

Алайда украин тарапы Мәскеудің кей талаптарын, соның ішінде Украина әскерін өз жерінен шығару жөніндегі ұсынысты "қабылдауға болмайтын шарт" деп атады.

АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздер нәтижелі болса, жеке қатысуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, нақты нәтиже тек өзі Путинмен тікелей кездессе ғана болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар