$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ресей мен Солтүстік Корея: 24 жылда бір гүлі ашылған Путин

Редакция
21 маусым 2024 05:48 2352
Ресей мен Солтүстік Корея: 24 жылда бір гүлі ашылған Путин Сурет авторы: France 24

19 маусымда Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Пхеньянда өткен кездесуде екі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық келісімге келді.

Осы сәрсенбі Солтүстік Кореяға келген Владимир Путинді солтүстік кореялықтар жылы лебізбен қарсы алды. Ұшақтан түскен сәттен қызыл кілеммен жүріп өткен басшының қалада суреттері де ілініп тұрды. Ким Чен Ынның ерекше сыйластығын көрсеткен Ресей президентінің Солтүстік Корея мемлекеттік қонақ үйіндегі жеке мүсіні болды. Олар жылқылар мен корейлік пунгсан иттерін тамашалап, “Гала концертті” де бірге көрді.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, кездесудің басты мақсаты екі елден соғыс болған жағдайда дереу әскери көмек көрсету үшін қолда бар барлық құралдарды пайдалануды талап ететін пактқа қол қою. Сонымен қатар кореялық БАҚ әскери, сыртқы саясат және сауда салаларындағы кең ынтымақтастықты қамтитын келісім мәтінін жариялады. Бірақ Ресей өз мәтінін жарияламады.

Дереккөз: apnews

Жәнібек Әмір

Соңғы жаңалықтар