$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Ресей Байқоңыр үшін Қазақстанға қанша теңге төлейді?

Абдрахманов Мағжан
04 тамыз 2025 13:01 403
Ресей Байқоңыр үшін Қазақстанға қанша теңге төлейді? Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Ресейдің «Байқоңыр» ғарыш айлағын және әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға төлейтін сома көрсетілді.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы Ресей «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстанға 54 млрд теңге төлеуі тиіс. Бұдан бөлек, әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9,4 млрд теңге көлемінде жалдау төлемақысы қарастырылған.

Бұл – әзірге бюджеттің жобасы. Жыл соңына дейін оған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Нақты сома 2025 жылғы желтоқсанда республикалық бюджет қабылданған кезде белгілі болады.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы 31 жыл бұрын Ресейге жалға берілген. Осы уақыт ішінде тараптар келісімді бірнеше рет ұзартты. Былтыр БАҚ ғарыш айлағын жалға алу құны жылына 115 млн доллар екенін хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар