$ 490.58 € 584.77 ₽ 6.34

Рекордтық 221 шақырым трасса: Алматыда жаңа тау кластері бой көтереді

Редакция
11 ақпан 2026, 10:00
Рекордтық 221 шақырым трасса: Алматыда жаңа тау кластері бой көтереді Сурет авторы: РБК Недвижимость

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов биылғы көктемде Алматы тау кластерінде қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту мен жаңа заманауи тау шаңғысы курортының құрылысы басталатынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта өңірде 17 аспалы жол мен 53 шақырымдық тасжол жұмыс істеп тұр. Жаңғырту жобасы аясында қосымша 46 аспалы жол салынып, тау шаңғысы трассаларының ұзындығы тағы 221 шақырымға ұлғайтылмақ.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың көктемінде басталады», - деп нақтылады Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-министр биыл бірқатар өңірлерде көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі ауылдарында жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталатынын айтты. Бұл шаралар аталған аймақтардағы туризмнің дамуына серпін бермек.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Көкжайлау» шатқалына келушілерден ақы алына бастағаны және бұл әрекеттің заңдылығына қатысты тексерулер жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар