$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

"Рэкетир 3" фильмін Қырғызстанда көрсетуге тыйым салынды

Редакция
21 ақпан 2025 02:46 1622
"Рэкетир 3" фильмін Қырғызстанда көрсетуге тыйым салынды

Қазақстандық қылмыстық драма "Рэкетир 3" Қырғызстандағы кинотеатрлардан алынып тасталды. 
Фильмді көруге билет алып қойған көрермендерге ақшаларын қайтару ұсынылды. Ал тыйымның нақты себебі – жалға алу куәлігінің қайтарып алынуы. Бұл шешімді кім қабылдағаны белгісіз, бірақ кинотеатрларда фильм көрсетілген жағдайда ауыр айыппұл салынатыны айтылуда.

"Бұл сұрақты "Қырғыз Тасмасынан" нақтылаған дұрыс. Біз тек олардың шешімін орындаймыз", – дейді кинотеатр өкілдері.

Кей сарапшылар бұл тыйымның Қырғызстан депутаты Бақтыбек Мариповтың бастамасымен байланысты болуы мүмкін екенін алға тартады. Ол жақында қылмыстық әлемді романтикаландыратын фильмдерді көрсетуге тыйым салу туралы ұсыныс жасаған еді. Бұған дейін "Черный двор", "Слова пацана", "Бригада" сынды картиналар да "қажетсіз" фильмдер қатарына енгізілген болатын.

Кейбіреулер бұл шешімді құптаса, енді бірі "кинематографияға жасалған цензура" деп бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар