$ 491.68 € 568.23 ₽ 6.2

Референдумды сылтау еткен алаяқтар шықты

Редакция
13 наурыз 2026, 09:38
Референдумды сылтау еткен алаяқтар шықты Сурет авторы: centralmedia24.kz

Қазақстанда 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум қарсаңында алаяқтар белсенді түрде іске көшті. Дезинформациямен күрес орталығы ел азаматтарына шұғыл ескерту жасады.

Қазіргі таңда белгісіз тұлғалар тұрғындарға телефон соғып, өздерін «онлайн-дауыс беруді ұйымдастырушымыз» деп таныстыруда. Олар референдумға қатысу үшін «бюллетеньді тіркеу керек» деген сылтаумен азаматтардан телефондарына келген SMS-кодты сұрайды.

Референдум кезінде ешқандай қоңырау шалу немесе SMS арқылы тіркеу процедуралары қарастырылмаған. Дауыс беру тек арнайы учаскелерде және қағаз бюллетеньдер арқылы жүзеге асады.

Мамандар жеке деректеріңізді бөтен адамдарға бермеуге және тек ресми комиссиялар таратқан ақпаратқа ғана сенуге шақырады. 15 наурызда 12 миллионнан астам сайлаушы өз таңдауын жасайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар