$ 491.29 € 562.92 ₽ 6.1

Референдум-2026: таңертеңнен бастап учаскелерде халық қарасы көп

Редакция
15 наурыз 2026, 08:16
Референдум-2026: таңертеңнен бастап учаскелерде халық қарасы көп Сурет авторы: Қоғамдық коммуникация орталығынан алынған

Бүгін, 15 наурыз күні елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға қатысу үшін көптеген қазақстандықтар таңсәріден дауыс беру учаскелеріне ағылды. Елдің барлық өңірінде азаматтардың белсенділігі байқалып, бірқатар учаскелерде дауыс беруге келгендер кезекке тұрғаны тіркелді.

Дауыс беру учаскелері арнайы дайындық науқаны аясында толық әзірленіп, таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Соған қарамастан, кейбір азаматтар ресми ашылу уақытын күтпей-ақ, ертерек келіп, алғашқылардың қатарында дауыс беруге ниет білдірген.

Алғашқы сағаттардан бастап ел бойынша көптеген учаскелерде сайлаушылар легі артқаны байқалады. Азаматтар өздерінің азаматтық борышын орындап, референдумға белсенді түрде қатысуда.

Бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру учаскелеріндегі жалпы ахуал қалыпты. Кезекте тұрған тұрғындардың арасында достық әрі жағымды атмосфера қалыптасқан.

Соңғы жаңалықтар