$ 491.68 € 568.23 ₽ 6.2

«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта көрсетіледі

Редакция
13 наурыз 2026, 10:49
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта көрсетіледі Сурет авторы: Tengrinews.kz

 2026 жылдың 15 наурызында елімізде теңдесі жоқ саяси оқиға - «Референдум - 2026» онлайн-марафоны өтеді. Таңғы сағат 09:00-ден түн жарымына дейін созылатын 15 сағаттық тікелей эфир бүкіл елдің назарын өзіне аудармақ. «Наурызнама» онкүндігіне орайластырылған бұл шара тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар ең озық технологиялар мен қоғамдық пікір тоғысатын бірегей алаңға айналады.

Эфир барысында отандық өнертапқыштар жасаған роботтар бағдарлама жүргізеді, ал голограмма-шоу арқылы Қазақстанның жетістіктері көз алдыңызда жанданады. Саясаткерлерден бастап стартапшылар мен өнер жұлдыздарына дейін қатысатын бес бірдей студия жұмыс істейді.

Еліміздің аймақтары мен шетелдегі отандастарымыздан тікелей қосылымдар жасалып, эксперттік пікірталастар ұйымдастырылады.

Бұл медиа-жоба республикалық және аймақтық БАҚ-тың барлық ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде қолжетімді болады.

Соңғы жаңалықтар