$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

«Реал» Чемпиондар лигасының финалына шықты

Редакция
09 мамыр 2024 04:15 4417
«Реал» Чемпиондар лигасының финалына шықты

Чемпиондар лигасының финалында ойнайтын екінші команда анықталды. 8 мамырда дортмундтық «Боруссия» сырт алаңда ПСЖ-ны жеңіп, тарихында үшінші рет жарыс финалына шықса, 9 мамырға ұқараған түні мадридтік «Реал» Сантьяго Бернабеуде «Баварияны» 2:1 есебімен жеңді. Қос команда арасындағы алғашқы матч 2:2 болып тең аяқталған еді. 

Енді 1 маусымда Лондондағы «Уэмбли» стадионында «Боруссия» мен «Реал» жаңа чемпионды анықтайды.

Тартысты матчта «Баварияның» жеңіске жететін мүмкіндігі аз болған жоқ. Екінші таймда Альфонсо Дэвис есепті ашқаннан кейін (68-минут) немістер бір аяқпен финалда да тұрған еді. Алайда, корольдік клуб ойын аяқталар тұста Тухельдің бұл жоспарын күл-талқан етті. Алдымен 88-минутта Хоселу есепті теңестірсе, араға небәрі үш минут салып (91+1 минут) тағы сол Хоселу «Реалды» финалға алып шықты.

Төреші негізгі уақытқа 9 минут қосып, матч тағы 15 минутқа жалғасқан. Алайда, бұл уақытта «Бавария» есепті теңестіре алмады.

Соңғы жаңалықтар