$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Рамазан айы басталды. Қазақстан мешіттерінде алғашқы тарауих намазы оқылды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4183
Рамазан айы басталды. Қазақстан мешіттерінде алғашқы тарауих намазы оқылды

Қасиетті Рамазан айы басталды. 10 наурыз кешке Қазақстан мешіттерінде алғашқы тарауих намазы оқылды. 11 наурыздан бастап ел мұсылмандары ауыз бекітіп, ораза ұстайды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. 11 наурыз алғашқы күні болса, 9 сәуір – соңғы күні. 10 сәуірде ораза айты мерекесі басталады. Сәуірдің 5-сінен 6-сына қараған түні – Қадір түні. 

Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

Рамазан айы мұсылмандар үшін қасиетті салынады. Бұл айда барша мұсылман күндіз ауыз бекітіп, уақытын құлшылықпен өткізуге тырысады. Таңертең сәресі ішіп ауыз бекітіп, кешке барлығы бір уақытта ауызашарға жиналады.

 

Соңғы жаңалықтар