$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

QazaqForum: Қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумы өтті

Редакция
31 мамыр 2024 04:04 2148
QazaqForum: Қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумы өтті Сурет авторы: Qazaq forum

30 мамырда Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында “Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа” тақырыбында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумы өтті.

Форум аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері талқыланды. Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мəселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар ортаға салды.

Жиын барысында спикерлер мен қатысушылар «Болашақтың технологиялары: түбегейлі трансформация немесе үйлесімді даму», Hype.Fake.Clickbait «Жаңалықтар жасау мен тұтынудың мәдениеті», «ЖИ: Қауіпсіздік және  халықаралық реттеу стандарттары»,  «Креативті индустрия, мәдениет және технология» тақырыптарында талқы жүргізді. Сондай-ақ “Күнделікті өмірде қолдануға арналған үздік нейрожелілер”, “Жасанды интеллект көмегімен контент жасау” тақырыбында мастер-клаcстар ұйымдастырылды.

 

Соңғы жаңалықтар