$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Qazaq Air уәде етілгеннен екі есе арзан сатылған

Редакция
19 желтоқсан 2025, 12:25
Qazaq Air уәде етілгеннен екі есе арзан сатылған Сурет авторы: Orda.kz
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Qazaq Air авиакомпаниясының бақылаушы пакетін сатуды аяқтады. 2025 жылғы 6 мамырда қор компанияның 51 пайыз акциясын сатқан. Оның 49 пайызы Central Asia Aviation Holdings Limited компаниясына (Вьетнамдық Sovico Group құрамына кіреді), ал 2 пайызы Kazasía Holdings Limited серіктестігіне берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz
 
Мәміле құны – 1,020 миллиард теңге. Қор Qazaq Air-ды бақылауды жоғалтты, бірақ әлі де компанияның жұмысына айтарлықтай ықпалын сақтап отыр.
 
Еске салсақ, компания 2023 жылы 10,2 млрд теңгеге бағаланған, ал сатып алушы қор алдындағы 38 млрд теңге қарызды да өтеуге міндетті болды. Ал 2024 жылғы жазда көлік министрі Марат Қарабаев мәміле сомасы 2 млрд теңге болады деп хабарлаған.
 
2024 жылғы желтоқсанда «Самұрық-Қазына» Central Asia Aviation Holdings Limited және Kazasia Holdings Limited компаниялары консорциумымен сатып алу-сату шартын рәсімдеген.
 
Қазіргі капитал құрылымы:
• Samruk-Kazyna – 49%,
• Central Asia Aviation Holdings (Sovico Group) – 49%,
• Kazasía Holdings – 2%.
 
Мәміле әуе тасымалы саласын дамытуға, компанияны жаңғыртуға және Қазақстан мен шетелдік инвесторлардың ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар