$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

“Qarmet”-тен жанар-жағармай ұрлағандар құрықталды

Редакция
25 шілде 2024, 01:59
“Qarmet”-тен жанар-жағармай ұрлағандар құрықталды Сурет авторы: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Ақмола облысында Qarmet өкілдігі аумағынан жанар-жағармай ұрлаған қылмыстық топтың ұсталғаны туралы хабарлады.

Ұзақ уақыт ішінде қылмыстық топ мүшелері жалпы құны 50 миллион теңгеден астам жанар-жағармай ұрлаған.

«Тінту кезінде ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемдегі ақша және басқа да айғақ заттары тәркіленді», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар