$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Путин Тоқаевтың шақыртуымен елімізге мемлекеттік сапармен келеді

Редакция
25 қараша 2024 09:07 2417
Путин Тоқаевтың шақыртуымен елімізге мемлекеттік сапармен келеді Сурет авторы: Алексей Даничев / ТАСС

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 27 қарашада елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.

28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар