$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Путин: "Росатом” қазақстандық тараппен ауқымды жобалар жасауға дайын

Редакция
27 қараша 2024 01:47 3854
Путин: "Росатом” қазақстандық тараппен ауқымды жобалар жасауға дайын Сурет авторы: 📸:ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин “Казахстанская правда” газетіне «Ресей мен Қазақстан: өмір қажеттілігіне сай құрылған және болашаққа бағытталған одақ» атты мақала жариялады. Путин мақаласында Қазақстан экономикасына бағытталған ресейлік инвестициялар көлемі өсуде екенін, бүгінде олардың көлемі шамамен 13 миллиард долларды құрайтынын айтқан. 

Владимир Путиннің сөзінше, Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Оған қоса, РФ президенті Қазақстанда ядролық-отын циклі мен уран саласын дамытуға “Росатом” практикалық көмек көрсететінін айтты. Сонымен қатар АЭС туралы “Бірегей, әлемдік теңдесі жоқ құзыреттері мен техникалық шешімдері бар Ресей Мемлекеттік корпорациясы қазақстандық тараппен жаңа ауқымды жобаларға дайын", – деп атап өтті Владимир Путин.

Ол баламалы және "таза" энергетика, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы перспективалар ашатынын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар