$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Путин Назарбаевпен неге кездесті? Тоқаев себебін ашып айтты

Редакция
05 қаңтар 2026, 10:13
Путин Назарбаевпен неге кездесті? Тоқаев себебін ашып айтты Сурет авторы: Пресс-служба Кремля

Ресей лидері Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды «Turkistan» газеті.

«Жүйелі түрде өтетін бұл кездесулер бейресми сипатқа ие. Бұл сәтті Ресей президентінің өзі де ерекше атап өтеді. Жақында Санкт-Петербургте өткен кездесуде Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның жеке өтініші бойынша қабылдайтынын хабарлады. Ресей президенті достары мен әріптестеріне деген ілтипатымен ерекшеленеді. Сенбі күні жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ол Қазақстанның Тұңғыш Президентімен асықпай сөйлесуге уақыт тапты. Путин оны Ресей көшбасшылық орында тұрған еуразиялық интеграцияның бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде жоғары бағалайды», — деді Тоқаев басылымға берген сұхбатында.

Президенттің айтуынша, бұл кездесу Владимир Путиннің биік адами қасиеттерін көрсетеді.

«Мұндай әңгімелердің мазмұны мені қызықтырмайды, бұл тақырыпта ешқашан сұрақ қойған емеспін. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасына келетін болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретінде бірнеше рет атап өткенмін. Оның мемлекеттік институттарды құрудағы, экономикадағы нарықтық механизмдерді қалыптастырудағы және жаңа елорданы салудағы еңбегі анық көрініп тұр. Өздеріңіз білетіндей, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп аумағына айналдырғымыз келеді. Сондықтан әрбір азаматтың еңбегі жеке көзқарассыз, әділ бағалануы тиіс. Бұл еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты», — деп мәлімдеді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар