$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Путин мен Трамптың кездесуі жақын арада өтеді

Редакция
07 тамыз 2025, 14:29
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың мәлімдеуінше, Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуі жақын арада өтетіні келісілген. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Путин мен Трамптың кездесуі жақын арада өтеді Сурет авторы: ТАСС

Ушаковтың айтуынша, тараптар кездесуді ұйымдастыру жұмыстарын бастап кеткен. Кездесудің өтетін орны келісілген, алайда бұл туралы кейінірек ресми түрде хабарланбақ.

«Келесі апта – кездесу өтетін уақыттың болжамды мерзімі ретінде белгіленді. Дегенмен, дайындыққа нақты қанша күн кететіні әзірге белгісіз», – деді Ушаков.

Сондай-ақ, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Путин, Трамп және Зеленский арасында үшжақты кездесу өткізу идеясын ұсынғанын, бірақ Мәскеу бұл ұсынысты түсіндірмесіз қалдырғанын да атап өтті.

 

Автор: Бекарыс Сейдахмет



Соңғы жаңалықтар