$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Президент жаңа заңға қол қойды: Заңсыз байлықты қайтару жеңілдей ме?

Редакция
03 қаңтар 2026, 12:36
Президент жаңа заңға қол қойды: Заңсыз байлықты қайтару жеңілдей ме? Сурет авторы: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін маңызды екі мәселені реттейтін жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Aqorda.

Бұл құжат негізінен екі бағытты қамтиды:

Конституциялық Сот шешімдерін мүлтіксіз орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару.

Енді Конституциялық Соттың кез келген шешімі «қағаз жүзінде» қалмай, тез әрі нақты орындалатын болады. Ал заңсыз жолмен жиналған байлық пен мүлікті мемлекетке қайтару үшін құзырлы органдарда бұрынғыдан да пәрменді әрі түсінікті құралдар пайда болды.

Бұл заң бірнеше кодекстер мен заңдарға өзгеріс енгізіп отыр. Мақсат - әділдікті орнату және заңның үстемдігін іс жүзінде көрсету. Құжат жақын арада ресми түрде жарияланып, содан кейін күшіне енеді.

 

Соңғы жаңалықтар