$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Президенттің ұлына қызыл қағаз көрсеткен төреші “жаза ретінде” матчтардан шеттетілді

Дулат Абдраманов
03 қараша 2025 10:11 326
Президенттің ұлына қызыл қағаз көрсеткен төреші “жаза ретінде” матчтардан шеттетілді Сурет авторы: Скриншот

Аргентина чемпионатындағы даулы матчтан кейін 42 жастағы бас төреші Николас Ламолина келесі тур ойындарына тағайындалмады. Бұл туралы The Sun хабарлады.

28 қазанда өткен “Барракас Сентраль” – “Бока Хуниорс” кездесуінде Ламолина AFA президенті Чики Тапияның ұлы - Иван Тапиаға екі ескерту көрсетіп, ойыннан шығарған. “Бока” матчты 3:1 есебімен жеңді.

БАҚ-та бұл шешім үлкен резонанс тудырды. VAR бірнеше эпизодтарды тексергенімен, төреші шешімін өзгертпегені сынға алынды.

АFA ресми түрде “дисквалификация” туралы мәлімдеме жасамаған. Тек - Ламолина келесі матчтарға тағайындалмағаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар