$ 491.29 € 562.92 ₽ 6.1

Президент Тоқаев референдумда дауыс берді

Редакция
15 наурыз 2026, 11:53
Президент Тоқаев референдумда дауыс берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасына арналған республикалық референдумға қатысып, елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесінде дауыс берді.

Дауыс беру рәсімінен кейін Мемлекет басшысы отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, референдумның ел үшін маңыздылығына тоқталды. Президенттің айтуынша, бүгінгі күн Қазақстанның болашағы мен дамуы үшін ерекше мәнге ие.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны мемлекет үшін аса маңызды тарихи құжат ретінде бағалап, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін негізгі заң екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа Конституция елдің тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын нығайтуға бағытталғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар