$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Президент күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады

Редакция
11 ақпан 2025 04:52 2366
Президент күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев UAE SWAT Challenge халықаралық сайысында жеңіске жеткен қазақстандық күштік құрылым өкілдерін марапаттады.

Дубайда өткен жарыста Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» және «Томирис» командалары күміс жүлдеге ие болса, ҰҚК-нің «Арыстан» тобы төртінші орын алды. Президент жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістігі қажырлы еңбек пен тыңғылықты дайындықтың нәтижесі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол ел қауіпсіздігін қорғаудағы жауынгерлердің рөлін ерекше атап, биылғы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында батырлар ерлігін ұрпақ жадында сақтау маңызды екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар