$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Президент Головкинді қабылдады

Редакция
09 желтоқсан 2024 07:25 4813
Президент Головкинді қабылдады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Кездесу барысында Головкин ҰОК-тің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы Президентке мәлімет берді. Ол спорт инфрақұрылымын жақсарту, отандық спортшыларды жоғары деңгейде даярлау және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайту үшін атқарылған шаралар жайлы баяндады.

Президент өз кезегінде олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мен еліміздің құрама командаларының әлемдік ареналардағы нәтижелерін жақсарту маңызды міндеттер болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар