$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Президент: Ел экономикасына инвестиция тарту – Үкіметтің басты міндеті

Редакция
28 қаңтар 2025 04:42 2097
Президент: Ел экономикасына инвестиция тарту – Үкіметтің басты міндеті Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасына жеке инвестицияларды тарту маңызды міндет екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, жаңа геосаяси және экономикалық жағдайда бұл стратегия ұлттық мүдделерге сай келеді. Ол индустрия, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салаларына инвестиция тарту арқылы ресурстық әлеуетті арттыру, жаңа өндірістік кәсіпорындар құру және экономиканы дамытуға басымдық берілетінін мәлімдеді.

«Отаншылдықты желеу еткен жалған ұрандар орынсыз. Қазақстан өз экономикасына қосымша инвестиция тартып, ұзақ мерзімді мүдделерге қызмет етуі тиіс», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол бұл ұстанымды қоғамның білуі үшін ашық айтып отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар