$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Президент: Әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж жандарға жетуі маңызды

Редакция
28 қаңтар 2025 04:53 2350
Президент: Әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж жандарға жетуі маңызды Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің шын мұқтаж адамдарға жетуі қажет екенін атап өтті.

"Қазақстан – шын мәнінде әлеуметтік мемлекет, бірақ бұл азаматтарымызды, әсіресе өскелең ұрпақты еңбек етуге ынтасын азайтып, оларды масылдыққа үйрету деген сөз емес," – деді Тоқаев.

Ол мемлекет көмектің нақты иесіне жетуін қадағалап, әлеуметтік қолдауды мұқтаж адамдарға ғана көрсету қажеттігін бірнеше рет атап өткенін айтты.

Оған қоса, Қазақстанға жыл сайын 100 мыңнан аса шетел азаматы жұмыс істеуге келетінін, мигранттардың бұл әрекеті құрметке лайық екенін айтып, олардың жұмысқа деген ынтасын үлгі етті.

Соңғы жаңалықтар