$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
15 желтоқсан 2025, 09:38
Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды Сурет авторы: Ақорда

Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа тағайындауға дейін ол Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – министрліктің ресми өкілі қызметін атқарған.

Айбек Смадияров – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің түлегі. Ол ерекше және өкілетті елші ІІ дәрежелі дипломатиялық рангке ие. Сонымен қатар ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар