$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Премьер-Министр Тоқаевтың тапсырмасынан кейін кеңес өткізді

Редакция
22 қараша 2024 02:23 3974
Премьер-Министр Тоқаевтың тапсырмасынан кейін кеңес өткізді Сурет авторы: МТРК

Олжас Бектенов Президенттің Украинадағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты елдегі негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасынан кейін жедел кеңес өткізді.

Премьер Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратын тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қызметі және басқа мәселелерге назар аударылды.

Уәкілетті құрылымдардың басшыларына Президент тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы жедел режимде баяндау тапсырылды.

 

Соңғы жаңалықтар