Премьер-министр Олжас Бектенов Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Үкімет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады. Кездесу барысында екі елдің қарым-қатынасы сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екені атап өтілді.
Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд долларға теңелді. Алдағы уақытта сауда-саттық көлемін одан әрі арттыру, экономикалық байланыстарды нығайта түсу маңызды.
Бұл төңіректегі мәселелерді пысықтау мақсатында Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Ариповтың төрағалығымен үкіметтік деңгейдегі келіссөз өтті. Оның барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, көлік-логистикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту бойынша қолға алынып жатқан шаралар жайы талқыланды.
«Екі ел президенттері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты сапалы деңгейге шығару міндетін жүктеді. Біз тауар айналымын арттыру үшін мол мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдардың арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өз кезегінде Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов атап өткендей, екі елдің сенімді достық ұстанымына ұйыған қарым-қатынасы стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың одан әрі нығая түсуіне оң ықпал етеді.
«Біздің елдеріміздің көшбасшылары екі ел арасындағы көпжоспарлы қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша нақты міндеттер қойды. Оларды орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз», - деді Абдулла Арипов.
Келіссөздер барысында Үкімет басшысы өңірдің көлік-транзиттік әлеуеттін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Олжас Бектенов Қазақстан Өзбекстан нарғына 500 млн долларға бағаланатын 255 тауар түрін экспорттауға дайын екенін айтты.
Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Олжас Бектенов Ташкенттегі өнеркәсіптік, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, жоғары технологиялық лифтілер мен эскалаторлар жасап шығаратын Texnopark-тің жұмысымен танысты. 100 гектардан астам аумаққа орналасқан өнеркәсіптік кешенде бүгінде 17 жоба іске асып жатыр. Осы ретте Үкімет басшысына әр цехтегі жұмыс барысы таныстырылып, өнімді шығару тәсілдері туралы ақпарат ұсынылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда өнеркәсіптік кооперация аясында 13,3 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 60 жоба іске асырылып жатыр. Олардың жалпы сомасы 2,6 млрд долларға тең. Бұған қоса, перспективалы деп бағаланған тағы 43 жоба бар.
Екіжақты сауда әлеуетін одан әрі арттыру ісінде «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының да маңызы орасан. Тоқтала кетсек, қазақ-өзбек шекарасында орналасатын бұл кешеннің құрылысы биыл басталады. Қазақстанның Түркістан және Өзбекстанның Сырдария облыстарында салынатын өнеркәсіп кешені 100 гектарға жуық аумақты қамтиды. Біздің ел тарапынан 50 гектар жер бөлініп, құрылысты жүргізетін инвестор табылған. Жоба бойынша, онда жабық кешен салынып, өндіріс және көтерме саудаға лайықты жағдай жасалмақ.
Соңғы жаңалықтар
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
2 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
2 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
3 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
4 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
4 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
4 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
1 апта бұрын