$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Пойызға кешіккен жолаушылар билет ақшасының бір бөлігін қалай қайтарып ала алады?

Абдрахманов Мағжан
05 тамыз 2025 10:17 139
Пойызға кешіккен жолаушылар билет ақшасының бір бөлігін қалай қайтарып ала алады? Сурет авторы: istock

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызға кешігіп қалған жағдайда билет құнының бір бөлігін қайтару тәртібін түсіндірді.

Компания мәліметінше, пойызға кешігу – кез келген жолаушыда кездесуі мүмкін жағымсыз жағдай. Егер пойыз кетіп қалып, жолаушы перронда қалып қойса, ең алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет.

Маңызды шарт – ақшаны қайтару үшін пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелгеннен кейін бір сағат ішінде өтініш беру керек. Өтініш қабылдау үшін жеке куәлік пен билетті көрсету қажет.

Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, егер орын болса, келесі пойызға ауысу нұсқаларын ұсына алады. Қайтарылатын сома мен мерзім жолаушыларды, жүкті және пошталық жөнелтілімдерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларымен реттеледі.

Компания сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға кеңес береді және пойызға дер кезінде отыру үшін вокзалға алдын ала келуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар