$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Португалияның қақпашысы тарихқа енді

Редакция
02 шілде 2024 07:29 2557
Португалияның қақпашысы тарихқа енді Сурет авторы: thisdaylive.com

ЕУРО 2024 додасының 1/8 финалында Португалия мен Словения құрамаларының кездесуі барысында Диогу Кошта 3 пенальтиді сәтті қайтарып, тарихта қалды.

1 шілде күні өткен Португалия мен Словения арасындағы ширек-финалға шығу таласы 90 минуттан 120 минутқа дейін жалғасты. Экстра-тайм барысында Португалия қақпашысы матчтың ең маңызды сейвін іске асырды. Словениялық Шишкомен бірге бір шыққан қақпашы шабуылшының соққысын қайтарып жіберді. Артынша құрамалар мықтыны анықтай алмай, пенальти сериясына көшті. Осы сәттен бастап Кошта тебілген 3 соққының бәрін де қайтарды.  Словениялықтардың қақпашысы Ян Облак негізгі уақытта Криштиану Роналдудың пенальти соққысын қайтарғанымен, сәттілік сериясында португалдықтың ойын дұрыс таба алмады. Португалия 3 соққыны да голға айналдырып, келесі кезеңге өтті. Ал Диогу Кошта ЕУРО тарихында пенальти сериясында гол өткізбеген алғашқы қақпашы атанды.

5 шілде күні 1/4 финалда Португалия Франциямен жолығады. Әлем чемпиондары ширек-финалға Бельгияны 1:0 есебімен жеңу арқылы өткен.

Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар