$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Полиция қызметкері жұмыс орнында оқ атып, өзін жаралаған

Редакция
24 маусым 2024 07:36 4068
Полиция қызметкері жұмыс орнында оқ атып, өзін жаралаған Сурет авторы: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында 21 жастағы қызметкер полиция департаментінің ғимаратында өзіне оқ атқан. Құзырлы органның мәліметінше, 24 маусым 07:41-де “103” операторына Пугачев көшесі, 45 мекен-жайы бойынша полиция департаменті ғимаратында оқ жарақаты туралы шақырту түскен. Жедел жәрдем ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізген. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы 21 жастағы азаматтың қазір жан сақтау бөлімінде екенін айтты 

"Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқас шұғыл түрде ота жасауға алынды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы. 

Дулат Абдраманов

Соңғы жаңалықтар