$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Плей-офф футзал: Қазақстан 2021 жылғы әлем чемпионы Португалиямен додаға түседі

Редакция
23 қыркүйек 2024 01:36 2789
Плей-офф футзал: Қазақстан 2021 жылғы әлем чемпионы Португалиямен додаға түседі

D тобындағы Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады. Отандастарымыз Испания құрамасымен тең ойнап, содан кейін Ливия мен Жаңа Зеландия командаларын жеңді. Бірақ голдар айырмашылығы бойынша испандықтарға жол беріп, плей-оффта e тобының жеңімпазы Португалиямен сайысқа түсетін болды.

2021 жылы Литвада Қазақстан мен Португалия жартылай финалда кездескен болатын, сол матчтың негізгі уақыты 1:1 болып тең аяқталды, қосымша уақытта командалар бір-бірінің қақпасына тағы бір рет гол соғып есп қайта 2:2 болып теңескен еді. Бірақ пенальти сериясында португалдықтар күштірек болды. Содан кейін шешуші матчта алдыңғы Планетарлық біріншіліктің жеңімпазы Аргентина құрамасын Португлаия 2-1 есебімен жеңіп, алғаш рет әлем чемпионы атанған.

Қазақстан – Португалия ойыны 26 қыркүйекте Андижан қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар