$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Питер Фостер Air Astana компаниясының бас директоры қызметінен кетеді

Абдрахманов Мағжан
08 қазан 2025 11:59 348
Питер Фостер Air Astana компаниясының бас директоры қызметінен кетеді Сурет авторы: Air Astana

«Эйр Астана» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі компанияның бас директоры Питер Фостердің 2026 жылғы наурыз айының соңында қызметінен кететінін хабарлады. Сондай-ақ ол директорлар кеңесінің құрамынан да шығады.

Алайда Фостер компаниямен ынтымақтастығын жалғастырып, директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде қызмет атқаратын болады.

Компания басшысы қызметін атқарып жүрген Ибрахим Жанлыел (қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор) осы мерзімде Air Astana компаниясының жаңа бас директоры болып тағайындалады.

Соңғы жаңалықтар