$ 512.44 € 593.15 ₽ 6.52

Петропавлда екі жасар бала шемішкеге түйіліп көз жұмды

16 маусым 2025 17:41 13
Петропавлда екі жасар бала шемішкеге түйіліп көз жұмды Сурет авторы: Fotolia / Detry26

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласында екі жасар бала шемішкеге түйіліп қайтыс болды.

13 маусым күні Петропавл қаласындағы Бірлік шағынауданында екі жасар бала күнбағыс дәніне түйіліп көз жұмды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта оның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар